Қоғам
Тренд

Ресейге жұмыс іздеп барып, майданнан бір-ақ шыққан жігіттер елге оралды (ВИДЕО)

Ресейге жұмыс іздеп барып, соғыс қимылдары жүріп жатқан аймаққа тап болған қазақ жігіттерінің алды елге оралды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады tiek.kz.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Көңіл толқығанда не айтарыңды да білмей қалады екенсің…

Ең алдымен Аллаға , Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің осы істе ат салысқан әрбір өкіліне және осы балалардың елге аман-есен оралуына титтейде себепші болған барша азаматтарға ата-аналардың атынан және өз атымнан шын жүректен алғысымды білдіремін.

Бұл — жай ғана қайту емес. Бұл — ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, баланың, қазақстан азаматтарының елге оралуы.

Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында болуы үшін еңбек еткен барша азаматтарға мың алғыс!

Кейде ризашылықты сөзбен жеткізу мүмкін емес екен…

Жүректе тек қуаныш.

Жүректе тек шүкіршілік.

Жүректе тек алғыс.

Алла баршаңызға разы болсын!», – деп жазған заңгер аман-есен оралған жігіттердің ата-аналарының қуанышты сәттерімен бөлісіп.

Бұған дейін Мейірман Шекеев алғашқы 13 қазақстандықтың әскери міндеттен босатылғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ ол жігіттердің елге оралуына ешқандай құқықтық кедергі жоғын айтқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button