Қоғам

Полицейлер көлге батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалдыды

Жамбыл облысында патрульдік полиция қызметкерлері көлге батып бара жатқан жасөспірімді аман алып қалды, деп хабарлайды tiek.kz.

Оқиға туралы хабарлама «102» арнасына түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Маханбет Шаянбаев пен Қасымхан Қалаубек ойланбастан суға секіріп, жасөспірімді құтқарған.

Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім балық аулау кезінде абайсызда көлге құлап кеткен. Ол тасқа ілініп қалып, өздігінен жағаға шыға алмаған.

Құтқарылған жасөспірім жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.

Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге жедел әрекеті мен батылдығы үшін алғыс білдірді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button