Заң үстемдігі

Алматы облысында ломбард лицензиясынан айырылса да атауын өзгертіп жоғары пайызбен несие беріп келген

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеп, 146 миллион теңгеден астам табыс тапқан “Альби” ломбардтар желісінің қызметі тоқтатылды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.  Ломбард бұған дейін “Альби-Ломбард” компаниясы лицензиясынан айырылған. Алайда кәсіпорын атауын “Альби-КМ” деп өзгертіп, Алматы және Түркістан облыстарында жұмысын жалғастырған.

Ломбардтар тұрғындардың алтын бұйымдарын кепілге алып, жоғары пайызбен қарыз берген. Клиенттерді тарту үшін бағалы заттарды қымбатқа бағалайтынын және қарыз алу несие тарихына әсер етпейтінін айтып жарнамалаған.

Алайда қарыздың күндік өсімі 2% болған. Бұл заңда белгіленген 0,3 пайыздық шектен алты есе жоғары.

ергеу мәліметінше, заңсыз қызметтен түскен табыс 146 миллион теңгеден асқан.

Іс бойынша күдікті әйелдің 21 пәтері, 7 көлігі, 5 жер телімі, 7 гаражы, 2 дүкені мен қонақүйіне тыйым салынды.

Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button