Қоғам
Тренд

Ораза қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелер мен атаулы күндердің күнтізбесін бекітті.

ҚМДБ мәліметінше, келесі жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Ал мұсылман қауымы асыға күтетін Ораза айт мерекесі 9 наурызға сәйкес келеді.

Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге белгіленген.

Құрбан айттың алдындағы Арапа күні 15 мамырға түсіп отыр. Ал Құрбан айт мерекесі 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.

Діни басқарма өкілдері мұсылман күнтізбесіндегі айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелетінін атап өтті.

Дегенмен айдың тууына байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button