Денсаулық
Тренд

Маймыл шешегі: шекарада бақылау күшейтілді

Өткізу бекеттері дене қызуын жанаспай өлшейтін құралдармен жабдықталған.

Елге маймыл шешегінің әкеліну қаупі жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.

Министрліктің мәліметінше, ауру тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдай бақыланып, сол мемлекеттерден келген азаматтар қадағаланады. Өткізу бекеттері дене қызуын жанаспай өлшейтін құралдармен жабдықталған. Медициналық ұйымдар мен зертханалар да инфекцияны анықтауға дайын. Қазіргі уақытта көліктің барлық түрі бойынша жүргізілген бақылау кезінде қауіпті инфекцияға шалдыққан немесе жұқтырды деген күдікке ілінген адамдар анықталмаған.

Инфекция жақын байланыс арқылы жұғады

Министрлік халық арасында аурудың кең таралу қаупін төмен деп бағалайды. Маймыл шешегі вирус жұқтырған адаммен тығыз физикалық байланыс кезінде, сондай-ақ ластанған киім-кешек пен төсек-орын арқылы берілуі мүмкін. Инфекция жұқтырған жануарлардан да жұғу қаупі бар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button