Әлем
Францияда шерушілер 1883 жылы салынған тарихи ғимаратты өртеп жіберді
Францияда жаппай наразылық кезінде 1200-ге жуық адам ұсталды. 550 мың адам көшеге шыққан.

Францияның Лимож қаласында жаппай наразылық кезінде тарихи әкімдік ғимараты өртеніп, түгелге жуық қирады. 1883 жылы салынған нысанға шерушілер шабуыл жасап, алдымен терезелерін сындырған. Кейін ғимаратты өртеп жіберген.
Францияның басқа қалаларында да әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасалды. Атап айтқанда, Марсель мен Лилльде билік мекемелерінің есіктері бұзылып, ішіндегі мүлік қиратылған.
Францияда жаппай наразылық кезінде 1200-ге жуық адам ұсталды. Тағы 150 полиция қызметкері жарақат алған.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Себастьен Лекорню мәлімдеді. Сенбідегі шерулерге шамамен 550 мың адам қатысқан.
Наразылық Париж, Марсель, Ницца, Нант, Бордо, Лимож, Лилль, Тулуза және Страсбург қалаларында тәртіпсіздікке ұласты.



