Жыл басталғалы бір айда 129 адам жол апатынан қаза тапты
2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанда адам қаза тапқан немесе жарақат алған 2 015 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Осы апаттардың салдарынан 129 адам көз жұмып, 2 863 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Tiek.kz qamqor.gov.kz порталынан алынған деректерді саралаған болатын.
Бұл – жыл басынан бергі небәрі бір айдың ішінде күніне орта есеппен 4 адамның жол үстінде қаза тауып отырғанын білдіреді.
Қай өңірлерде өлім көп?
Қаңтар айындағы адам өлімі бойынша ең ауыр жағдай:
-
Алматы облысы – 20 адам
-
Түркістан облысы – 20 адам
Одан кейінгі орында:
-
Атырау – 9
-
Жамбыл – 8
-
Қарағанды – 8
-
Маңғыстау – 8
-
Ақтөбе – 7
-
Жетісу – 6
-
Қызылорда – 6
Ең төмен көрсеткіш:
-
Ұлытау облысы – 2
-
Шығыс Қазақстан облысы – 3
- Алматы қаласы – 1
Бұл жерде айта кететін жағдай — бұл сандар нақты бір аймақтағы ереже сақталмайтынын көрсетпейді. Әр облыстағы адам санына шаққандағы көрсеткішін есептесе, мүлдем басқа статистика шығады. Жалпы биылғы қаңтарда бас-аяғы 19951 жол көлік оқиғасы тіркелген. 10 мың адамға шаққандағы пайыздық үлесін алсақ, бұл жерде 312 пайыз көрсеткішімен Астана жағымсыз рейтингті бастап тұр. Одан кейін 217 пайызбен Алматы қаласы болса, 142 пайыздық көрсеткішпен антирейтинг үштігін Ақтөбе облысы қорытындылап тұр. Ал керісінше жағымды көрсеткіш — Түркістан облысына тиесілі (31,4).
Балалар арасындағы шығын
Бір айда:
-
10 бала қаза тапты,
-
583 кәмелетке толмаған бала жарақат алды.
Бұл жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы мен мектеп маңындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де өткір екенін көрсетеді.
Қандай көліктер ең қауіпті?
2025 жылғы толық жылдық деректер (көлік түрлері бойынша қаза тапқандар):
-
Жеңіл көлік жүргізушілері кінәсінен – 1 886 адам
-
Жүк көлігі – 180 адам
-
Автобус – 52 адам
-
Мопед – 64 адам
-
Шағын электр көлік құралдары (оның ішінде самокат та бар) – 12 адам
-
Велосипед – 4 адам
-
Такси – 84 адам
-
Жаяу жүргіншілер – 69 адам

Яғни өлімнің 80 пайыздан астамы жеңіл автокөліктердің қатысуымен болған. Бірақ шағын электр көліктерінің үлесі жыл сайын өсіп келеді: тек мопед пен самокатқа қатысты апаттарда 76 адам қаза тапқан.
Қандай апат кезінде кісі өлімі көп болады?
Ең қауіпті сценарийлер:
-
Бетпе-бет соқтығысу – 814 адам қаза тапты
-
Төңкерілу – 542 адам
-
Жаяу жүргіншіні қағып кету – 548 адам
-
Кедергіге соғу – 125 адам
-
Бағысттас көліктердің соқтығысуы – 87 адам
Бұл статистика трассалардағы қарсы жолаққа шығу мен жылдамдықтың негізгі қауіп екенін дәлелдейді.
Мас күйіндегі апаттар
2025 жылы адам зардап шеккен 679 жол апаты мас күйінде көлік жүргізгендердің кесірінен болған.
Ал Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша:
-
250 қылмыстық іс тіркелген
-
246 адам сотталған
-
1 жүргізуші – 5–8 жыл арылғындағы мерзімге бас бостандығынан айрылған
-
78 адамға айыппұл (жалпы айыппұл сомасы — 12 886 865 теңге)
-
115 адам қоғамдық жұмысқа тартылған
-
39 адам рақымшылықпен босатылған
-
12 адам сот үкімі негізінде жауапкершіліктен босатылған
Демек, әрбір отызыншы ауыр апаттың артында ішімдік тұрған.
2025 жылы:
-
2 330 адам қаза тапты
-
34 365 адам жараланды
Жол статистикасы – тек сан емес. Әр цифрдың артында адамның өмірі тұр.
Біз бұдан бұрын «Альфард ажал көлігі ме?» деген сараптама дайындаған болатынбыз



