Елге сыйлық ретінде құрдым: Нұрасыл Медеу өзі негізін салған жоғарғы оқу орнын мемлекетке тапсырды
Бес жыл бұрын Нұрасыл Медеу Қазақстанда әлемдік деңгейдегі спорт университетін құру туралы батыл идеядан бастаған еді.
2021 жылы оған алғашқы 150 студент сенім артты. Бүгінде Қазақстан ұлттық спорт университеті (КНУС) 5 000 жастың басын біріктіріп, халықаралық ынтымақтастықты дамытып, жаңа білім беру мүмкіндіктерін ашуда және Қазақстанды әлемдік аренада лайықты таныта алатын мамандарды даярлап жатыр.
Бұл цифрлардың артында өз идеясына сеніп, пікірлес команда жинап, қадам сайын ойға алғанын жүзеге асырған жас жігіттің өмір жолы жатыр.
Бес жыл ішінде аталмыш оқу орны өз атауын, халықаралық серіктестерін, заманауи білім беру бағдарламаларын және мықты студенттік қауымдастығын қалыптастырды. Мұнда ғылыми жобалар жасалып және олар сәтті іске асып жатыр, қос дипломды бағдарламалар жұмыс істейді, ал талантты жастар қай жерде дүниеге келгеніне қарамастан, өз армандарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылтайшылық гранттарға ие болуда.
Міне, бүгін Нұрасыл Медеу келесі өзінің келесі қадамын жасады. Яғни өзі құрған университетті өтеусіз түрде мемлекетке сыйға тартты.
«Біз жасағанның бәрі жастарымызға, спортымызға және елімізге қызмет етуі тиіс», – дейді университеттің негізін қалаушы.
Бұл сөздерде барлық жүріп өткен жолдың мәні жатыр. Өйткені маңызды бір дүние жасау – бұл орасан зор еңбек. Ал бұл еңбектің нәтижесін адамдарға қызмет етуін жалғастыруы үшін елге беруге бел буу – ерекше жауапкершілік.
Қазіргі студенттер алдындағы міндеттердің, соның ішінде бұрын берілген құрылтайшы гранттарының толық көлемде сақталатыны да маңызды.
Енді КНУС-те жаңа кезең басталады. Университет өз негізін қалаушы қалаған құндылықтарды сақтап қалады, өркендеуін жалғастырады, жаңа көкжиектер ашып, жастарға өз өмірін және елдің болашағын өзгертуге мүмкіндік береді деп сенгіміз келеді. Өйткені шынайы мұра адамның неге иелік ететінімен емес, артында не қалдыратынымен өлшенеді.



