Экономика
Тренд

Жаңа ереже: Жеке деректерін тексеруге келісім бермегендердің жәрдемақысы тоқтатылады

Қазақстанда әлеуметтік төлем алушылар отбасының әл-ауқатын бағалау үшін жеке деректерін өңдеуге келісім беруі керек. Егер азамат бұған келісім бермесе, оның әлеуметтік төлемі уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері «Отбасының цифрлық картасы» жүйесіне екінші деңгейлі банктерді қосу жоспарланып отырғанын айтты.

Бұл азаматтардың материалдық жағдайын бағалау кезінде қосымша мәліметтерді ескеруге мүмкіндік береді.

Алайда банк құпиясына жататын ақпаратты алу үшін отбасының әрбір мүшесі жеке деректерін өңдеуге келісім беруі қажет.

Журналистер азамат мемлекетке жеке деректерін ұсынудан бас тартқан жағдайда әлеуметтік төлемдеріне не болатынын сұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мұндай жағдайда төлемдер уақытша тоқтатылатынын айтты.

Министрдің айтуынша, төлем азаматтың бас тарту себебі анықталғанға дейін ғана тоқтатылады. Мұндай жағдайларда министрлік өкілдері әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып, мән-жайды анықтайды.

Дереккөз: Стан.кз

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button