Қоғам

«Мұғалімнің, әсіресе сынып жетекшілердің жалақысы жоғары болуға тиіс» — мектеп директоры

Астанадағы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза сынып жетекшілерінің жалақысы туралы өз ойын білдірді.

Директордың айтуынша,  сынып жетекшісінің жалақысы шын мәнінде өте аз. Жұмыс жүктемесімен сай келмейді.

«Айлық жөнінде маған сұрақтар өте көп келеді. Сынып жетекшінің алатын айлығы, яғни үстемеақысы расында да өте аз. Мен бұны айтып та жүрмін, оны көтеру керек. Ал мұғалімдік айлық жас мамандарда, әрине, аз, бірақ жыл өте келе тәжірибесі мен категориясын қорғап, ол өсіп отырады.
Бірақ 7 жыл, 9 жыл, 11 жыл оқып, таңнан кешке дейін жұмыс жасайтын, адам өміріне жауапты дәрігерлердің де айлығы біз секілді көп емес. Сондықтан мұғалімнің, әсіресе сынып жетекшілердің жалақысы қай кезден де жоғары болуға тиіс. Өйткені олардың толтыратын қағазы, жауапкершілігі, әр балаға жеке көзқарасы бөлек», — дейді Ақмоншақ Нұртаза.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button