«Неге үнсіз отырсыздар?»: белгілі заңгер бұрынғы министрлер Бағдат Мусин мен Жаслан Мәдиевті Яндекс дауына қатысты жауап беруге шақырды

Экс-депутат Абзал Құспан бұрынғы министрлер Бағдат Мусин мен Жаслан Мәдиевке арнайы үндеу жариялап, соңғы кездері қоғамда қызу талқыланып жатқан Яндекс дауына қатысты жауап беруді талап етті, деп хабарлайды tiek.kz.
Ол өз жазбасында қазіргі таңда «Апару», «Қажет» такси сервистері төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатқанын әрі маман ретінде пікір білдірмей жатқанына таңқалыс білдірген.
«Мен Сіздерді Қазақстандағы цифрландырудың бастауында тұрған, Мемлекет басшысы ерекше сенім артқан, еліміз үшін жаңа саланың дамуына жол ашқан азаматтар ретінде танимын. Еңбектеріңізді бағалаймын, болашақтарыңызға үлкен үмітпен қараймын.
Бірақ бір нәрсені түсінбеймін: елге сөздеріңіз керек болып тұрған дәл осы сәтте неге үнсіз отырсыздар?», — деп жазған ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



