Мәдениет

«Жалғыз қалып ұзақ жылады»: Сәкен Майғазиевтің анасының қабірі басында жылаған сәті жұртты толқытты

Анасынан айырылған Сәкен Майғазиевтің қабір басында жалғыз қалып, көз жасына ерік берген видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған кадрларды жерлеу рәсіміне қатысқан әншінің жақындарының бірі жариялаған. Ол жазбасында ана қадірі туралы ой қозғап, Сәкен Майғазиевтің ауыр сәтін көпшілікпен бөлісті.

«Жұрт тараған соң, @saken_maigaziyev ағамыздың анасы Ұлтай әжеміздің басында жалғыз қалып, Құран оқып, жылағанын көріп, жүрегім елжіреді… Анадан айырылудың қандай ауыр екенін бүгін терең сезіндім. Анаға деген махаббат пен сағыныштың шегі жоқ екен… Артында осындай иманды, парасатты ұрпақ қалдырған Ұлболсын әжеміздің жатқан жері жайлы, қабірі нұрлы болсын! Алла күнәларын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етсін! Ана жүрегі балам деп соқса, бала жүрегі анам деп мәңгі соғады…»,  — деп жазды ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button