Әлем
Иемендендегі президент сарайына зымыран түсіп, 5 адам көз жұмды

Иеменнің Аден қаласындағы президент сарайына зымыран түсіп, 5 адам көз жұмды. Тағы 16 адам жараланды. Премьер-министр мен министрлер қауіпсіз жерге көшіріліп үлгерген.
Денсаулық сақтау министрі Қасым Бухайбех қаза тапқандар мен жараланғандар арасында күзетшілер мен азаматтық қызметкерлер бар екенін мәлімдеді.
Йемен ақпарат министрі Моаммар әл-Эрянидің айтуынша, шабуылды хуситтер ұйымдастырған. Сарайға бес баллистикалық зымыран түскен.
Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сареа шабуылды «Сауд жауының әскери операциялар штабына» бағытталғанын айтты. Соңғы апталарда хуситтер Сауд Арабиясының әуежайларына, мұнай нысандарына және әскери базаларына бірнеше рет шабуыл жасады.



