«Көлеңкеде қалған шындық»: Дана Нұржігіттің сталкинг туралы кітабы жарық көрді
Кітабында автор сталкинг белгілерін тану, дәлелдерді сақтау, полицияға жүгіну реті көрсетілген нұсқаулық берген.

Белгілі журналист Дана Нұржігіттің сталкинг тақырыбына арналған «Көлеңке. 115-1» атты кітабы жарық көрді.
Сталкинг салдарын өзі бастан өткерген адам ретінде, Дана Нұржігіт мәселені сырттай бақылаушы емес, іштей зерттеген куәгер ретінде баяндайды.
“Сталкинг-қылмыстың басы ғана! Ол бір сәтте емес, айлар,кейде тіпті жылдарға созылатын үдеріс.” — дейді ол кіріспеде.
Кітапқа заңгер, депутат, полиция өкілдері алғысөз жазған.
Қазақстанның құрметті заңгері Абзал Құспан:
”автордың азаматтық ұстанымы сталкинг мәселесін қоғамдық кеңістіктен заңнамалық деңгейге жеткізуге ықпал етті”деп осы Заңға бастамашы болғандардың бірі Дана Нұржігіт екенін жазса,
Құрылтай депутаты
Снежана Имашева,
“Кітап атауы Қылмыстық кодекстің сталкингке қатысты 115-1-бабына сілтеме жасайды. Бұл бап сталкингті жеке құқық бұзушылық ретінде тануда маңызды қадам” — деп атап өткен.
Ал құқық қорғау саласының практик маманы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова, “қайталанатын қоңыраулар, хабарламалар, аңду, жұмыс орнына немесе үйіне келу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау – жай ғана «мазалау» емес, адамның қауіпсіздігі мен еркін өмір сүру құқығына төнетін қауіп” деп ескертеді.
Кітап соңында автор полиция қызметкерлерінің кеңесіне сүйене отырып, сталкинг белгілерін тану, дәлелдерді сақтау, полицияға жүгіну реті көрсетілген нұсқаулық береді.
Осылайша,“Көлеңке.115-1” кітабы көркем шығарма ғана емес, құқықтық сауаттылыққа яғни сталкингтен қорғануға іс жүзінде көмек болатын бірден бір шығарма деп айтуға болады.
Еңбектің негізгі идеясы – әр адам өз өмірін еркін сүруге құқылы. Сталкингтен құтылудың бір ғана жолы-ашық күрес.
«Көлеңке. 115-1» – жеке оқиға ғана емес, қоғамда ашық айтылуы тиіс маңызды мәселені көтеретін кітап.
Кітаптың тұсаукесері:
* Күні: 16.10.2026 ж.
* Өтетін орны: Салтанат сарайы. (Қабанбай батыр даңғылы,3)
* Уақыты: 13:00
Байланыс нөмірі: 87776470008



