Оқиға
Тренд

Шығыс Қазақстанда өрттен бір үйдің үш адамы көз жұмды

Екеуі бала екен.

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалын үйді түгел шарпып, шатыры опырылып түскен.

«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді», – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button