Қоғам

Талдықорғанда пропан тиелген екі вагон рельстен шығып кетті

Оқиға орнына құтқару қызметтері жедел жетіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, төтенше жағдай 21:23 шамасында Абылай хан көшесінде орналасқан тұйық теміржол желісінде болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, пропан тасымалдаған екі цистерна рельстен шығып, қапталына құлаған. Алайда газдың сыртқа шығуы тіркелмеген.


Оқиға орнына жедел штаб құрылды

Төтенше жағдай аймағына:

  • 25 құтқарушы,

  • 7 арнайы техника,

  • полиция департаментінің қызметкерлері,

  • жергілікті атқарушы орган өкілдері тартылған.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылардың хабарлауынша, теміржол инфрақұрылымына зақым келмеген, зардап шеккендер жоқ.


Қауіпсіздік үшін аумақ уақытша жабылды

Қауіптің алдын алу мақсатында цистерналар аударылған аумақ уақытша қоршауға алынып, көлік қозғалысы шектелді.

ТЖД өкілдері тұрғындарды сабыр сақтауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға шақырды.


Тұрғын үйлерге жақын орналасқан

Апат қаланың шет жағында болғанымен, қауіпті аймақта көпқабатты тұрғын үйлердің орналасуы жағдайды күрделендіре түседі. Осы себепті мамандар бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізіп отыр.

Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда, қосымша қауіп анықталған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button