Оқиға
Тобыл қаласында КамАЗ жүк көлігі мотоцикл мінген адамды басып кетті

Тобыл қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, Тобыл қаласындағы Семина көшесінде КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, екінші адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жолда барынша мұқият болуға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.



