Қоғам
Тренд

Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Ақорданың мәліметінше, жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін мәслихат сайлауына байланысты Тоқаев премьер-министр және Құрылтай төрағасымен консультация өткізген болатын. 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button