Қоғам

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі адам кептелісінен зардап шеккен қыз әлі ес-түссіз жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі адам кептелісінен зардап шеккен 18 жастағы қыз әлі ауруханада ес-түссіз жатыр.

Оқиға 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның кіреберісінде болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке сатылған билеттер саны стадионның рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар бір жерге жиналып, қатты кептеліс туындаған.

Қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Концертті ұйымдастырған 1984 жылы туған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция әлеуметтік желіде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқиғадан қаза тапқандар жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button