Yandex-тегі ақау: министрлік қазақстандықтардың деректері қайда сақталатынын айтты

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Яндекс» қызметтеріндегі іркіліске қатысты мәлімдеме жасады.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтардың жеке деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқан және қалыпты жұмыс істеп тұр.
Алайда такси мен жеткізу қызметтеріне қажет кейбір жүйелер шетелде орналасқандықтан, бүкіл платформаның ел ішінде дербес жұмыс істеуіне бұл кепіл болмайды. Қазір «Яндекс» қызметтерді қалпына келтіріп жатыр.
Министрлік компаниямен және Қазақстанның инфрақұрылымдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеп, қажетті қолдау көрсетуде.
Сондай-ақ жүктеме артқан жағдайда такси мен жеткізу қызметтерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін басқа платформалармен де жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Қазақстанда
«Яндекс» қызметтерін пайдаланатын такси жүргізушілері мен курьерлердің жүйеге қол жеткізе алмай қалғаны хабарланған.



