
Саят Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары, подполковник қызметін атқарған.



