Қоғам

«Енді балалы бола алмаймын»: Ақтөбеде тісін емдетуга барған әйел сұмдыққа тап болды

Ақтөбеде тісін емдеткен 37 жастағы әйел бірнеше тісінен айырылып, жүйкесі зақымданды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Гүлжанат Құлмұрзина ЭКО арқылы балалы болуды жоспарлап, алдымен тістерін емдетуге жекеменшік клиникаға барған. Алайда емдеу және тіс жұлу кезінде химиялық күйік алып, көпбейінді ауруханаға түскен. Қазір оның бірнеше тісі жоқ, жүйкелері зақымданып, беті қисайған. Енді әйелге бірнеше ота жасату қажет.

Тексеру барысында стоматологиялық көмекті орта медициналық білімі бар маман көрсеткені анықталды. Ал қолданыстағы стандарт бойынша мұндай қызметті жоғары медициналық білімі бар дәрігер көрсетуі тиіс. Сондай-ақ науқастың тіс жегісі асқынғаны белгілі болды.

Комиссия маманға айыппұл салып, клиника басшылығына оны жұмыстан шеттету туралы нұсқама берген. Ал Гүлжанат клиника үстінен сотқа арыз түсірген. Алайда оның сөзінше, кінәлілер  кешірім де сұрамаған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button