Қоғам
Тренд

Теміртауда 20 жастағы жігіт әке-шешесін өлтіріп тастады

Әзірге қылмыстың нақты неден туындағаны және оқиғаның қалай болғаны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Теміртауда ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ретінде олардың 20 жастағы ұлы ұсталған. 

Қайғылы оқиға 7 қазанда болған. Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.

Полиция мәліметінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Әзірге қылмыстың нақты неден туындағаны және оқиғаның қалай болғаны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button