Әлем
Тренд

Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын алу мәселесі қашан реттеледі? (ВИДЕО)

Сыртқы істер министрлігінің өкілі түсініктеме берді

Вице-министр Әлібек Бақаев Tiek.kz тілшісіне осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, Айтуынша, осы айдың ортасында Оңтүстік Кореядан арнайы делегация келіпті. Олар Алматы және Қонаев қалаларында болып, зерттеу жұмыстарын жүргізіпті.

Ол жерде қабылдау орталығы болады, оқу орталығы болады. Соның бәрін қарап, Кореяға ұшып кеткен. Негізінде бір шешім қабылдап EPS (Employment Permit System) жүйесіне енгізу керек бізді, — деді Әлібек Бақаев

Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын реттеу мәселесі – екі елдің еңбек нарығы үшін стратегиялық маңызы бар қадам.
Бұл тек Қазақстан азаматтарына ғана емес, Оңтүстік Кореяның өзі үшін шет ел жұмыскерлеріне деген сұраныстың өсуіне байланысты қажеттілік. Оңтүстік Корея EPS (Employment Permit System) жүйесі арқылы шетелдіктерді қабылдайды, бұл жүйе әдетте тек бірнеше серіктес елдерге қолжетімді. Қазақстанның осы жүйеге енгізілуі жұмысқа рұқсат беру процесін біршама жеңілдетіп, мыңдаған қазақстандыққа заңды негізде еңбекпен қамтылу мүмкіндік береді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button