«Украинада жүрген 14 қазақ жігіті Ресей елшілігіне жеткізіледі»: СІМ заңгердің сөзін жоққа шығарды
Бұған дейін Адвокат Мейірман Шекеев Украинадағы соғыста жүрген 14 қазақстандық бүгін Ресей елшілігіне жеткізілетінін айтқан еді.

Бүгін әскери қақтығыс аймағындағы 14 Қазақстан азаматын Ресейдегі елшілікке жеткізеді деген ақпарат тараған еді. Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай жалған ақпарат жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды жаңылыстырып, орынсыз үміт тудыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл азаматтарды қорғау бағытындағы министрлік жұмысына кедергі келтіреді.
СІМ Ресей тарапымен байланыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. Нәтижесі болса, министрлік ресми түрде хабарлайтынын айтты.
СІМ Қазақстандықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Бұған дейін Адвокат Мейірман Шекеев Украинадағы соғыста жүрген 14 қазақстандық бүгін Ресей елшілігіне жеткізілетінін айтқан еді.
“Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізіледі”, – деп хабарлаған болатын ол.



