Оқиға
Тренд

Шымкентте екі жігіт кәріз құбырына құлап көз жұмды

Шымкент қаласында құбыр тарту жұмыстары кезінде екі жұмысшы қайтыс болды.
Полицияның мәліметінше, олар құдық ішінде жиналып қалған қалдық газдан уланған деген болжам бар.
Қазіргі уақытта осы қайғылы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын және жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты тұлғаларды анықтап жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат құпия сақталуда.

 

Қайғылы оқиға 7 қазан күні күндіз болған. Жекеменшік компанияның 20–22 жас аралығындағы үш жұмысшысы құбыр ауыстыру үшін терең құдыққа түскен. Біраз уақыттан кейін олардың қимылсыз қалғанын байқаған әріптестері төменге түсіп, көмекке ұмтылған.

Оларды жоғарыға шығарғанымен, екі жұмысшының қайтыс болғаны белгілі болады. Ал аман қалған үшінші жұмысшыға дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберді.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button