«Маған поқ…»: «Назарбаев» көшесін қорлаған блогер зар жылап қалды

Желіде «Mini Knopka» лақап атымен белгілі блогер Әйгерім Бердалиева Алматы көшелерінің қазақша атауына қатысты дөрекі әрі былапыт жазба жариялап, қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған Eurasian Fashion Week халықаралық сән апталығының ұйымдастырушылары бірден реакция білдірді. Ұйым ресми мәлімдеме жасап, блогердің ұстанымын қолдамайтындарын және оны барлық жарнамалық материалдардан біржола алып тастайтындарын жеткізді.
«Біз блогердің жеке парақшасында жарияланған пікіріне ешқандай қатысымыз жоқ екенін және оның ұстанымын мүлде бөліспейтінімізді хабарлаймыз. Ол біздің жобаның барлық жарнамалық өнімдерінен өшіріледі», — деп мәлімдеді Eurasian Fashion Week өкілдері Threads желісінде.
Айта кетелік, желі қолданушылары аталған блогердің әрекетін ұлтараздықты қоздыру және тарихи жадты мазақ ету деп бағалап, құқық қорғау органдарын да назар аударуға шақырып жатыр.



