Оқиға

Атырауда лифт құлап, үш адам зардап шекті

Оқиға 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған.

Атырауда төрт адам мінген лифт үшінші қабаттан құлап, үш тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады tiek.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты. Тағы бір адам медициналық көмектен бас тартқан.

Оқиға 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған.

Лифт құлаған кезде оның ішінде төрт адам болған. Жедел жәрдем қызметкерлері үш тұрғынды ауруханаға апарып, медициналық тексеруден өткізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы тұрақты. Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов барып, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті.

Қала әкімі лифтінің құлау себебін жедел анықтауды, сондай-ақ қаладағы лифтілердің техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексеруді тапсырды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button