Қоғам

Қорғаныс министрі Ақмола горнизонына айтпай барып тексеріс жүргізді

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді.

Ведомствоның хабарлауынша, министр әскери бөлімдегі қызметтің ұйымдастырылуымен танысып, әскери қызметшілердің орналасу және тұрмыс жағдайын тексерді.

Тосын тексеру барысында казармалардың жай-күйіне, сондай-ақ әскери бөлім инфрақұрылымының жағдайына ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button