Спорт

Азиада-2026: таеквондошы Тамирлан Тілеулес алтын медаль жеңіп алды

Азия ойындарынан таеквондошы Тамирлан Тілеулес тарихи жетістікке жетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Тамирлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде Тілеулес 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды!

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button