Спорт
Тренд

Айбек Оралбай Қазақстан қоржынына бокстан екінші алтын салды

Боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

+90 келі салмақта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының капитаны финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесті.

Шешуші жекпе-жекте Оралбай қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының Азиада-2026-дағы екінші алтын медалі.

Бұған дейін 70 келі салмақта Торехан Сабырхан чемпион атанған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button