Интеллект дәуірі

Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 форумында талқыланатын 5 басты сұрақ

Жасанды интеллект төңірегіндегі әңгімелер бұрын тек жекелеген модельдердің әлеуетімен шектелсе, бүгінде бұл үдеріс мүлде басқа сипатқа ие бола бастады.

Бүгінде ЖИ бизнес пен өнеркәсіптен бастап білім және креативті индустрияға дейінгі барлық салаға кеңінен еніп отыр. Сонымен қатар капитал, инфрақұрылым, кәсіби кадрлар және реттеу тетіктері бойынша жаңа талаптар мен сұрақтар пайда болуда.

Осыған байланысты AI & Digital Bridge 2026 форумының 1–3 қазан аралығында Астанада өтетін ауқымды бағдарламасы дәл осы маңызды бағыттарды қамтып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаһандық ЖИ индустриясының қазіргі бағыт-бағдарын нақты көрсететін 5 маңызды сұрақ талқыланбақ. Сондай-ақ, форумның 5 қатысушысы да арнайы іріктеуден өткен. Әрі бұл Цифрландыру және жасанды интеллект жылында өтетін  Цифрландыру және жасанды интеллект жылында өтетін AI MONTH басты оқиғасы болып отыр.

1. Генеративті ЖИ-ден кейін не болады?

Біз қазірдің өзінде мәтін жазуға, суреттер, бейнелер мен бағдарламалық код жасауға қол жеткіздік. Келесі кезең — физикалық әлемді танып-білуге және онда әрекет етуге қабілетті технологиялар. Бұл туралы NVIDIA компаниясының физикалық жасанды интеллект және модельдеу жөніндегі вице-президенті Рев Лебаредян баяндайды. Ол компьютерлік графика саласында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, ал қазір NVIDIA Omniverse технологияларын, зияткерлік ЖИ, цифрлық телнұсқалар мен робототехниканы дамытумен айналысады.

Бұл — жасанды интеллекттің дамуындағы басқа кезең: ЖИ экран шеңберінен шығып, өндірісте, роботтарда, автономды жүйелерде және өнеркәсіптік инфрақұрылымда нақты әлемге қадам басып отыр. Алайда технологиялар нақты қатерге қаншалықты әсер етсе, келесі сұрақ соғұрлым маңызды бола түседі.

2. Мемлекеттер жасанды интеллекттің дамуын қалай қамтамасыз ете алады?

Егер ЖИ тұтас салаларды өзгертетін болса, мемлекеттер бір мезгілде екі міндетті шешуге мәжбүр болады: инновациялар үшін жағдай жасау және жаңа тәуекелдерді басқару.
Бұл көзқарасты Dream компаниясының негізін қалаушы әрі президенті, Австрияның бұрынғы федералды канцлері, инвестор және халықаралық бизнес-кеңесші Себастьян Курц ұсынады. Бүгінде ол жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық қорғаныс саласындағы технологиялық компанияны дамытумен айналысады. Оның тәжірибесі ЖИ-ге тек технологиялық бизнес көзқарасымен ғана емес, сонымен бірге кеңірек пайымдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, керемет стратегияның өзі тек ел ішінде озық технологиялық өнімдер өндірілген жағдайда ғана шынайы нәтиже береді.

3. Жаһандық ЖИ-өнімді қалай жасауға болады?

Мемлекеттік стратегия технологиялардың дамуы үшін инфрақұрылым мен ережелерді қалыптастырады. Алайда экожүйенің жетілуінің басты көрсеткіштерінің бірі — әлемдік ауқымдағы өнімдерді шығаруға қабілетті компаниялардың пайда болуы.
ЖИ-экономиканың бұл қырын Higgsfield AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Алекс Машрабов таныстырады. Компания бейне мен сурет жасауға арналған ЖИ-платформаны дамытып, қысқа мерзімде жаһандық нарыққа шықты. 2026 жылдың тамыз айында Higgsfield AI 5,4 миллиард доллар бағалаумен B сериялы раундта 400 миллион доллар инвестиция тартты.

Higgsfield тарихы бүгінгі таңда технологиялық команданың стартаптан жаһандық ойыншыға дейінгі жолды қаншалықты жылдам жүріп өте алатынын айқын көрсетеді. Дегенмен, кез келген өнімнің, инвестиция мен есептеу қуаттарының артында әрқашан команда тұрады — бұл технологиялар жасауды, оларды нақты өнімге айналдыруды және бизнестің өрісін кеңейте білетін мамандар.

Осыдан келесі маңызды сұрақ туындайды: мұндай экономикада жұмыс істей алатын мамандарға қандай талаптар қойылуы тиіс?

4. Әзірлеуші мамандығы қалай өзгерді?

Жасанды интеллект қазірдің өзінде код жазып, қателерді тауып, бағдарламалық өнімдерді құра алады. Бұл әзірлеушінің рөлі төмендейді дегенді білдіре ме? Бұл сұрақты Google DeepMind аға зерттеуші-инженері Дана Мұқышева қарастырады.

2019–2024 жылдары ол Google Search-те іздеу технологиялары бойынша жұмыс істеді, ал бүгінде үлкен тілдік модельдерге (LLM), жасанды интеллект пен іздеу алгоритмдеріне маманданған. Оның талқылайтын басты мәселелерінің бірі — әзірлеу үдерісіндегі адам мен ЖИ өзара әрекеті қалай құрылмақ. Мұнда әңгіме «адам мен машинаның бәсекесі» туралы емес, керісінше, маманның әлдеқайда қуатты құралдарға ие болатын жаңа жұмыс үлгілері туралы болып отыр.

Ал ЖИ миллиондаған адамдар мен компанияларға әсер ете бастаған кезде, ең соңғы әрі ең күрделі сұрақтар туындайды.

5. ЖИ-экономикаға қандай ережелер қажет?

Жасанды интеллект неғұрлым кеңінен қолданылса, деректер, жауапкершілік, авторлық құқық, қауіпсіздік және азаматтардың құқықтарын қорғау төңірегінде соғұрлым көп сұрақтар туындайды.
Форумда ЖИ-дің құқықтық аспектісін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Екатерина Смышляева таныстырады. Ол цифрландыру мәселелерімен айналысып, Қазақстанның Цифрлық кодексін әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы заңнамалық бастамаларға қатысты.

Мұндағы реттеу үдерісі аса күрделі: ережелер бір жағынан адамды қорғап, бизнес үшін түсінікті жағдайлар жасауы тиіс, бірақ сонымен бірге жаңа технологиялардың таралуына кедергі келтірмеуі керек.

Бес сұрақ және біртұтас экономика

Бір қарағанда, физикалық ЖИ, мемлекеттік стратегия, стартаптар, әзірлеуші мамандығы және заңнамалық база — бір-бірінен алшақ жатқан салалар сияқты көрінуі мүмкін.
Алайда олардың бәрі өзара тығыз байланыста. Озық технологиялар компаниялардан нақты қадамдарды талап етсе, бизнеске білікті әзірлеушілер, инвестиция және қуатты инфрақұрылым қажет. Ал жаңа технологиялардың өрісін кеңейту мемлекеттік стратегияға тікелей сүйенеді.

ЖИ күнделікті тіршілігіміз бен өндіріске терең енген сайын, жаңа реттеу ережелерінің қабылдануы da заңды құбылысқа айналып отыр.

Дәл осы себепті AI & Digital Bridge 2026 — тек жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін талқылайтын алаң ғана емес.

Басты сауал әлдеқайда ауқымды: жасанды интеллект дәуірінің негізін қандай шешімдер, компаниялар, мамандықтар мен ережелер қалыптастырады — және осы жаһандық жүйеде Қазақстанның алар орны қандай болмақ?

ЖИ мен цифрлық инновациялар арасындағы көпір — 2026

Форум 1–3 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтіп, AI MONTH басты халықаралық іс-шарасына айналады. Форумның негізгі тұжырымдамасы — Kazakhstan is Eurasian Hub.

AI & Digital Bridge 2026 хедлайнерлері — Network School негізін қалаушысы Баладжи Шринивасан, Higgsfield AI негізін бірлесіп қалаушы әрі бас директоры Алекс Машрабов және Crimson Education негізін бірлесіп қалаушы әрі бас директоры Джейми Битон.

1 қазанда мемлекеттік органдардың басшыларына, халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия көшбасшыларына арналған арнайы жоғары деңгейдегі бағдарлама өтті. Бұл күндегі іс-шараларға қатысу тек шақыру арқылы жүзеге асырылды. Ал 2–3 қазанда форум барлық билет иегерлері үшін ашық болады.

Ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі.

AI & Digital Bridge 2026 форумын ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында жүзеге асты. Форумды өткізудің барлық шығындары демеушілік қаражат есебінен атқарылады.

Алтын серіктестер — Freedom Банкі, Kaspi Bank, «Самрук-Қазына» АҚ және «Қазахтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Қазақстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Телеком-серіктес — «Freedom Telecom Operations» ЖШС. Технологиялық серіктестер — «Транстелеком» АҚ, ресми әуе серіктесі (Official Airline Partner) — Air Astana.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button