
«Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалында ақ қасқыр фотоқақпанға түсіп қалған, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz басылымы.
Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мәліметінше, бұл — өте сирек кездесетін жыртқыш ақ қасқыр.
«Ақ қасқыр — Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Оның сезімталдығы жоғары әрі төзімді, өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Салмағы мекен ететін жеріне қарай 30-80 келі шамасында болады», — дейді мамандар.



