Зайсан көлінен тағы екі адамның денесі табылды
29 қыркүйекте 2001 жылы туған ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тауып алған еді.

Зайсан көлінде 8 күнге созылған іздеу жұмыстары аяқталды.
22 қыркүйекте Зайсан көліне балық аулауға шыққан 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам қайтып оралмаған.
Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар бірнеше күн бойы іздеу жүргізді. Алғашқы күні жағалаудан 3–4 шақырым жерден олардың батып кеткен қайығы табылды.
29 қыркүйекте 2001 жылы туған ер адамның денесін жергілікті тұрғындар тапты. Ал 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.
Іздеу барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізді.
Жағалау мен көл акваториясы қайықтар және дрондар арқылы тексерілді.
Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да өз қайықтарымен қатысты.
Іздеу жұмыстары қатты жел, биік толқын және үлкен акваторияға байланысты күрделі жағдайда өткен.



