Қоғам

«Әскердегі жауынгерлерді аптап ыстық пен қақаған аязда қақшитып, шагайттатып қоятын нарядты тоқтату керек» — журналист

Бақылау камераларының заманында есік алдында қаққан қазықтай тұрудың қажеті жоқ.    

Әскер туралы айта беруіміз де, жаза беруіміз де керек секілді. Себебі, жақында ол салада реформа болатындай.

Мәселен, әскерде адамды рота кіреберісіне қақшитып қоятын «Дневальный по роте» деген наряд бар. Осы нарядты ауыстыратын кез келді. Бақылау камераларының заманында есік алдында қаққан қазықтай тұрудың қажеті жоқ.

Біріншіден, ротаның есігі әскери бөлімнің КППсы емес. Бөтен біреудің кіруі неғайбыл. Дневальныйдың басты міндеті рота бойынша кезекші төсекте шалжиып жатқанда бригада бойынша кезекші не болмаса үлкен лауазымдағы офицерлерге ұсталып қалмас үшін, әлгіге қалай да сигнал беріп үлгеру үшін тұратындай дәрежеге түсіп кеткен. Сондықтан да қару-жарақ бөлмесін, тағы басқа да бөлмелерді бақылау камерасы арқылы қарап отыратын бөлмеде орындықта отырып-ақ атқаратын нарядқа айналдыру керек. Әрине, рота кезекшісі және тазалықты қамтамасыз ету үшін оның үш көмекшісі (дневальный) болуы керек. Бірақ, есік алдынқа қақшитып қоюды алып тастаған жөн.

Мәселен, шекара заставаларында бұл наряд жоқ. Ол жақта нарядтар мүлдем басқаша. Әскери қызмет өз қалауыңша және келісімшарт түрінде болу керек деген ойымнан айнымаймын. 3-4 айлық, 6-7 айлық келісімшарт болғаны дұрыс.

«Строевой подгатовка» деген желеумен жауынгерлерді аптапта не болмаса қақаған аязда плацта ұстаудың қажеті шамалы. Робот секілді шагайттап жүру, анау-мынау, соғыс болса текке керегі жоқ дүние. Иә, қатармен жүру әліппесін меңгерсін. Бірақ, оның да шегі болуы керек.

Мәселен, қазір әскерде «столовый наряд» деген жоқ. Көбіне тендер ұтып алған фирма тамақ әзірлеумен айналысады.

Осы секілді күндізгі мезгілде еден жууды да жауынгерден алып тастауға болатындай. Бұл жерге де клининг фирмаларын тендер арқылы кіргізсек. Әскердегі көп әлімжеттік осы пол жуу, туалет жуудан қашудан да басталады.

Адамды қорлап тіс щеткасымен очко (унитаз) тазалату дегендей бейресми жазалардың алдын алар ек. Қарауыл уақытын екі сағаттан 1 сағат 15 минутқа не болмаса сол 1 сағатқа ауыстырсақ…

Бұл енді, жеке менің ғана көзқарасым ғой. Дегенмен, үлкен реформалар осындай кішкентай деталдарды түзеуден де басталады. Әрине, әскери нарядтарды әскери бөлімнің ерекшелігін ескере отырып сараптаған жөн.

Журналист Айсұлтан Жақыповтың facebook парақшасынан

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button