Заң үстемдігі

«Қара Бүркітте емес»: Сұлтан Сәрсемәлиев жазасын Жезқазғанда өтейтін болды

Атырау облысында төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиев 19 қыркүйекте арнайы қарауылмен жеткізілді.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, қазір дәл осы колония өмір бойына сотталғандарды ұстау үшін қайта жабдықталып жатыр.

Сәрсемалиевке үкім 14 шілдеде шықты. Сот оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы үкімге шағым түсірген жоқ, соған байланысты ол 3 қыркүйекте заңды күшіне енді.

№62 мекеме Жезқазғанның өнеркәсіптік аймағында орналасқан және Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайды.

Бұған дейін ол аралас қауіпсіздік мекемесі мәртебесіне ие болатын, алайда 2026 жылы оның бейіні өзгергені белгілі болды. ҚАЖД бұны өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар үшін қосымша орындар құру қажеттілігімен түсіндірді.

Бұл үшін колонияда ғимараттарды жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары басталды. Белгілі бір мерзімге сотталғандарды басқа мекемелерге біртіндеп ауыстырып, өмір бойына сотталғандар үшін орын босату жоспарланған еді.

Қазір №62 мекемеде қанша адам ұсталып отырғанын және ол жерге тағы кімдердің жеткізілгені туралы деректерді ҚАЖД қызметтік ақпаратқа жатқызып, жарияламай отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button