«Айнар өз күшімен жағаға аман шыққан»: профессор министрліктің екі матрос туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Қазір желіде тірі қалғандар 3 солдат деп көрсетуде, біздің тумамыз сонда тізімде жоқ па, бұл қалай?

Қорғаныс министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуға қатысқан Ахметов пен Мағауия есімді мерзімді әскери қызметшілер туралы ақпаратқа түсініктеме берген еді.
Ведомствоның мәліметінше, олар теңізге кеткен әскери қызметшілердің қатарында болмаған. Екі матрос оқу-жаттығу кезінде жағалауда оқу тапсырмаларын орындаған топ құрамында болған. Қазір олар әскери бөлімде, күн тәртібіне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр.
Министрлік тұрғындарды тексерілмеген және жалған ақпарат таратпауға шақырған.
Алайда желіде басқаша ақпарат тарады. Нақты айтар болсақ, Айнар Ахметов өз күшімен жағаға аман шыққан. Сонымен қатар, ол қасындағы досына көмектесуге тырысқан. Алайда, қатты желден жағаға алып шыға алмаған.
Facebook желісінде белгілі медиатор, тарих ғылымдарының профессоры Дәметкен Сүлейменованың мәлімдемесі жарияланды. Өз мәлімдемесінде ол Қорғаныс министрілінің оқу-жаттығу жұмыстарына қатыспады делінген Айнар Ахметовтің нағашысының баласы екенін, әрі ол туралы хабар ала алмай отырғанын айтқан.
«Құрметті желі оқырмандары! Мен Каспий теңізіндегі оқиға туралы мәлімдеме жасайын деп отырмын. Себебі осы әскери жаттығуда менің нағашымның баласының баласы — АЙНАР АСХАТҰЛЫ АХМЕТОВТА БОЛДЫ. Ол өз күшімен жағаға аман шыққан және қасындағы жолдасына көмектескен, бірақ оны алып шыға алмаған.
Айнар — БҚО, СЫРЫМ АУДАНЫ, ТОҒАНАСТАН. Ахметов Айнардың әкесі 2-топ мүгедек, анасы ауырады, көп балалы ана, олар баласымен хабарласа алмай отыр. Тек кеше кіші қарындасымен 1-2минут сөйлескен, сосын хабар үзілген. Қазір желіде тірі қалғандар 3 солдат деп көрсетуде, біздің тумамыз сонда тізімде жоқ па, бұл қалай?
Айнар кеше сөйлескен «дірілдеп дұрыс сөйлей алмай тұрған сияқты деп» қарындасы айтып отыр. Сондықтан,осы мәселені БҚО басшылары, Сырым ауданың басшыларынан тез арада анығын біліп беру сұралады және баланы көруге Астанадан баруға әзірміз. Мүмкін болса, тез хабар күтеміз. Мен, Сырым ауданы басшыларымен хабарласа алмай отырмын. Менің аты-жөнім Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы», — делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін желіде тізімдегі екі сарбаздың есіміне қатысты сұрақ туындаған болатын. Яғни тізімдегі 19 адамның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Ал тағы екі адамның тағдыры не болды, олар туралы ақпарат неге айтылмайды деген еді.



