Қоғам
Тренд
Каспийде көз жұмған сарбаздардың бірі белгілі балуан болып шықты
Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған.

Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кетіп, қаза тапқан сарбаздардың бірі — танымал спортшы Сержан Аяпберген екені белгілі болды.
Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, ТМД деңгейіндегі студенттер арасындағы жарыстардың жеңімпазы әрі дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің тұрақты қатысушысы болған.
«Маңғыстаудың спорт қауымдастығы үшін Сержан Аяпберген тек Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі болып қана қалмайды. Ол бала кезінен татамиге шығып, өз өңірінің намысын қорғады, медальдар жеңіп алып, спортта өзіндік даңғыл жолын қалыптастырған еді», — делінген ақпаратта.



