Қоғам

Назарбаев Каспий теңізінде көз жұмған сарбаздардың отбасына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметшілердің қазасы туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Ол қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, ауыр қайғыларына ортақ екенін білдірді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button