Саясат
Тренд

Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Оның кандидатурасын кеңес мүшелері бірінші сессияда өткен жасырын дауыс беру арқылы қолдады.

Төраға кеңестің жалпы жұмысына басшылық етеді, сессияларды шақырып, күн тәртібін қалыптастырады және отырыстарға төрағалық етеді.

Сонымен қатар Халық кеңесінің атынан сөз сөйлеп, кеңес мүшелері арасынан орынбасарларын тағайындайды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қошановтың кандидатурасын Халық кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button