Саясат
Тренд

Тоқаев Ерлан Қошановты Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы ретінде ұсынды

Қазір Астанада Кеңестің алғашқы сессиясы өтіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағалығына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

Кандидатураны ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев Қошановтың мемлекеттік қызмет пен парламенттегі көпжылдық тәжірибесіне тоқталды.

Халық Кеңесінің бірқатар мүшесі Қошановтың кандидатурасын қолдап үлгерді. Қазір сессияға қатысушылар жасырын дауыс беру рәсіміне кірісті.

Қазір Астанада Кеңестің алғашқы сессиясы өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті. Кеңеске барлығы 126 адам енді.

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button