Қоғам

Арман Шораев бостандыққа шықты

Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулік әкімшілік қамаудан босатылды.

Ол өзінің қалыпты тірлігіне оралып, әлеуметтік желіде жазбалар жаза бастады.

Белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынған болатын.

Бұған оның жазбасында балағат сөздер қолдануы себеп болған.

Ақмола облысы полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер қолданылған жарияланымды анықтаған.

Кейін аталған дерек бойынша Арман Шораевқа қатысты әкімшілік материал толтырылған. Істі қараған сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button