Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстан Халық кеңесінің жаңа төрағасы кім болатыны ертең анықталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
Сессияның нақты күн тәртібі мен қаралатын мәселелері әзірге жарияланған жоқ.
Сарапшылар күн тәртібінде Халық кеңесінің төрағасы тағайындалатынын айтады. Сарапшы Ғазиз Әбішевтің жазуынша, төраға сырттан яғни тізімге кірмеген тұлға болуы мүмкін.
«Экс-спикерлер Қошанов пен Әшімбаев ҚХК тізімінде жоқ. Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? «Әділет» партиясының негізін қалаушылардың бірі Рауан Кенжеханұлы немесе Бағдат Мусин бе? Әлде тәжірибелі бұрынғы депутаттардың бірі — Мұрат Әбенов, Еділ Жаңбыршин немесе Нұртай Сабильянов па?
Заңға сәйкес, ҚХҚ төрағасы сырттан, яғни бекітілген 126 адамның қатарына кірмейтін тұлғалардан тағайындалуы мүмкін», — деп жазған ол өзінің телеграм-арнасында.



