Экономика
Тренд
«Теңізшевройлда» өрт шықты
«ҚазМұнайГаз» компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, 18 қаңтар күні таңертең сағат 09:53-те ГТЭС-4 — газтурбиналық электр станциясында орналасқан GT-9.3 турбинасының трансформаторынан өрт шыққан
Оқиға кезінде қызметкерлер қауіпсіз аймаққа эвакуацияланып, өртті Теңізшевройл (ТШО) компаниясының авариялық қызметі жедел түрде сөндірген.
Араға шамамен бір жарым сағат салып, сағат 11:20-да, осы станциядағы GT-9.5 газтурбиналық қондырғының трансформаторында тағы бір өрт тіркелген. Ол да толықтай жойылған.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаментіне бірден хабар берілген.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Жағдай толық бақылауда.



