Қоғам

Тоқаевтың ағылшыншасы Англия премьер-министрі Тони Блэрдің өзін таң қалдырған  

Кемелұлы қонақты қарсы алып, таза қытай тілінде тіл қатқанда, делегация мүшелері таңданыстарын жасыра алмай, орындарынан атып тұрып қол соққан.

Тоқаевтың полиглоттығы мен тіл білу шеберлігі шетелдік қонақтардың талайының таңданысын тудырып, таңдайын қақтырған.

Бұл туралы Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Көпеев айттып берді, деп хабарлады tiek.kz.

Айтуынша, Президентіміздің ағылшыншасына ағылшын премьер-министрі Тони Блэрдің өзі таңдай қағып, «ағылшын халқының өзі дәл осылай таза сөйлей алмайды» деп басын шайқаған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық артықшылықтарының бірі – шығыс пен батыстың тілдерін бірдей меңгеруі. Мұхамбет Көпеев Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Ху Цзинь Таоның Қазақстанға сапары кезіндегі бір жарқын сәтті мысалға келтіреді.

«Кезінде Қытай басшысы Ху Цзинь Тао келді. Қасым-Жомарт Кемелұлы қонақты қарсы алып, таза қытай тілінде тіл қатқанда, делегация мүшелері таңданыстарын жасыра алмай, орындарынан атып тұрып қол соққан. Сол секілді ағылшын премьер-министрі Тони Блэр келгенде де солай болған еді. Блэрдің  Кемелұлымен сөйлесіп отырып, «ағылшындар өзінің тілінде дәл сіздей сөйлей алмайды» деп таң қалғаны бар. Бұл кісінің ағылшынша, қытайшасы ғана емес, французшасы да солай. Әдеби тілмен, көркем сөздермен сөйлейді. Біздің күнделікті тұрмыстағы қара сөзіміз сияқты емес, көркем тілмен сөйлегенде шетелдіктердің бәрі ауыздарын ашып қалатын. Қазір Трамптың өзі Қазақстанда ақылды президент бар деп айтып жүргені жайдан-жай емес қой, Трамп өзі мойындап отыр», — дейді Мұхамбет Көпеев.

Сонымен қатар, Мұхамбет Жұманазарұлы Мемлекет басшысымен бірге Сенатта қызмет атқарған жылдарын жылы сезіммен еске алған. Ол кезде палата төрағасының орынбасары болған қайраткер Президенттің әріптестеріне деген сый-құрметі мен қарапайымдылығы өте жоғары болған.

«Екеуміз көп әңгімелесетінбіз. Сенатта жүргенде мен орынбасары болдым ғой. Сөйлескенде ешқашан «Мұқа» демей, «Мұхаммед Жұманазарұлы» дейтін. «Бәке», «Сәке» демей, қатар отырып әңгіме-дүкен құратынбыз. Тағы бір айта кетерлігі, президенттің тарихи архив материалдарын көз алдында тұрғандай етіп дәйекпен баяндайтын, әлемдік классиктердің нақыл сөздерін кітап оқып отырғандай жатқа айтатын еді», – дейді Мұхамбет Көпеев.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button