Қоғам

Таразда каналдан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Таразда қала шетіндегі шағынаудандардың бірінде орналасқан каналдан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды.

Нәрестенің денесін маңайда ойнап жүрген балалар байқап қалған. Олар алғашында суда жатқан затты қуыршақ деп ойлаған. Кейін оның жаңа туған сәби екені анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, нәрестенің кіндігі де кесілмеген.

Қазіргі таңда полиция баланың анасын іздестіріп жатыр.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасының жеке басын анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – делінген полицияның жауабында.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button