Қоғам

Президент Астана әкіміне граффити-вандализмге қарсы қатаң шара қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салып, қоғамдық орындарды бүлдіретін адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды жүктеді, – деп хабарлайды Tiek.kz.

Ақорданың ресми мәліметіне сәйкес, Президент мұндай әрекеттерді әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатынын ескертіп, еліміздің қалаларында бұған мүлдем жол бермеу керектігін қадап айтты.

Жалған «шығармашылыққа» заңмен тыйым салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енді қоғамдық орындарды бүлдіретін мұндай «шығармашылық» түріне қатысты жауапкершілік күшейтілмек. Ол үшін көшедегі рұқсатсыз граффитиге толықтай тыйым салатын арнайы заңдық-нормативтік шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button