Саясат
Тренд

Тоқаев үш маңызды мемлекеттік органның басшыларын тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның үш маңызды мемлекеттік органына жаңа басшылар тағайындалды.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Смайылов бұл қызметті 2024 жылдан бері атқарып келеді. Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды қайта тағайындау қажет болды.

Сондай-ақ, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров те қайта тағайындалды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button