Астанада су үнемдеуге арналған ай сайын өтетін эко сағаттар сериясы басталды

Қазақстанның астанасында су ресурстарына ұқыпты қарауға арналған алғашқы бірыңғай экологиялық сағат өтті. Іс-шараға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қоса алғанда, шамамен 300 мың бала қатысты.
Экосағаттар ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Суды үнемде — болашақты сақта!» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ мен «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп өткізді. Бұл бастама «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асырудың бір көрінісі болды.
Алғашқы сабақтың тақырыбы — «Су —Қазақстанның байлығы: бағала, сақта, қорға!». Интерактивті сабақтарда түрлі кейстермен танысып, тақырыптық бейне материалдарды көріп шыққан қатысушылар су қорының шектеулі екенін, әр адамның жеке жауапкершілігін және суды үнемдеуге бағытталған күнделікті тұрмыстағы нақты қадамдарды талқылады.
Жобаның негізгі ерекшеліктері:
Бастаманың негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың күнделікті өмірінде тұрақты экологиялық дағдылар қалыптастырып, экология туралы әңгімеден нақты әрекетке көшу.
*«Су және білім» жобасын «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ Су ресурстары және ирригация министрлігі және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Аралды құтқару халықаралық қорының (ХАҚҚ) Атқарушы дирекциясының бастамасымен, ЮНИСЕФ пен Француз даму агенттігінің (AFD) қаржылыққ олдауымен жүзеге асыруда.



