Қоғам

Шымкентте қабағына ота жасатқан әйелдің бір көзі көрмей қалды

Шымкент қаласында тиісті маман сертификаты мен лицензиясы болмай пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот барысында оның жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасағаны, нәтижесінде жәбірленушінің бір көзінің көру қабілетін толық жоғалтқаны анықталды.

Сот үкімімен тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Абай ауданының прокуратурасы ескертеді: тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ тұлғалардың медициналық қызметіне жүгіну азаматтардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Медициналық көмекті тек лицензиясы бар медициналық ұйымдар мен білікті мамандардан алуға шақырды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button